Атыраулықтардың жағасын ұстатқан қылмысқа қатысты облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.
AtyrauPress тілшісі мәлім еткендей, 979 жылы туған әйелдің өз пәтерінде өлтірілуіне байланысты күдікке ілінген 1987 жылы туған азамат «ізін суытпай» ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктіден заттай дәлелдемелер алынды.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі – «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта кешенді тергеу амалдары жүргізілуде.
"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында. Әлеуметтік желі қолданушыларын тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге және жалған мәлімет таратудан бас тартуға шақырамыз" дейді департамент мамандары.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.