Түлкібас ауданында көктемгі тазалық жұмыстармен қатар көгалдандыру жұмыстары да жоғарғы деңгейде атқарылуда. Осы ретте, бүгін жоспарға сай наурызнаманың онкүндігінің «Жаңару күніне орай» аудан аумағында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, 11 мыңнан астам ағаш көшеті егілді,- деп хабарлайды turkistan.today
Дәл сондай, көшет егу жұмыстары жүріп жатқан «Дәрігерлер» және «Ана мен бала» аллеясына аудан әкімі Асқар Естібаев аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәтбай Қасымбек бастаған бір топ ардагерлермен арнайы барып, көктемгі ағаш егу шарасына қатысты.
«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» – демекші, ағаш егу шарасынан соң, ақсақалдар игі іске мұрындық болған жандарды наурыз мерекесімен құттықтап, ақ баталарын берді.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.