Жабдықтар шығындарын өтеу: кәсіпорындар жаңа ынталандыру шарасының артықшылығын пайдаланады

Жаңалықтар 15 мамыр, 2025

2024 жылдың 12 мамырынан бастап Қазақстанда алғаш рет өнеркәсіптік кәсіпорындардың технологиялық жабдық сатып алуға жұмсалған шығындарын өтеу тетігі іске қосылды. Өңдеу өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындар жұмсаған қаражаттарының 40 пайызына дейін қайтарып алуға мүмкіндік алды,- деп хабарлайды turkistan.today

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ аталмыш қолдау тетігінің бір жылдағы нәтижесін жариялады.

«Шығындарды өтеудің жаңа тетігі іске қосылған сәттен бастап бір жыл ішінде біздің орталық 1,1 миллиард теңгеге кәсіпорындардың технологиялық жабдық сатып алуға жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеді», – деп хабарлады  «QazIndustry» АҚ Бизнесті ынталандыру дирекциясы.

Кәсіпорындар 3D-сканерлер, 3D-принтерлер және кең форматты принтерлер сияқты заманауи цифрлық шешімдермен қоса, технологиялық жабдықты сатып алуға жұмсаған шығындарының 40%-ын (бірақ 60 миллион теңгеден аспайтын) өтеуге мүмкіндігі бар.

Жаңа қолдау шарасын пайдаланған кәсіпорындар қатарында Алматы желдеткіш зауыты, «Майами Solar», «ANNC Construction», «Мехлитком», «Barys E&T», «Temir SAK» және басқа да компаниялар бар.

Мысалы, фиброцементті қасбеттік тақталар өндіруге маманданған ANNC Construction зауытына QazIndustry бояу желісін сатып алу шығындарының бір бөлігін өтеді. 44 миллион теңге көлеміндегі өтемақы кәсіпорынға өндірісті одан әрі жаңғыртуға және өнімнің өзіндік құнын едәуір төмендетуге мүмкіндік берді.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.