ҚР ТМК-дегі әйелдер: «ерлердің жұмысындағы» жағдай қандай?

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 7 наурыз, 2023

Өнеркәсіп алпауыттары металл рудалары өндірісі мен металлургия сияқты негізгі салаларда әйелдердің үлесін арттыруды мақсат етеді, деп хабарлайды Turkistan Today.

ҚР-дағы еңбек қызметінің ең жоғары ақы төленетін, елеулі және беделді салаларының бірі тау-кен өнеркәсібі. Дәстүрлі түрде, әйелдерге бірқатар кәсіптерді ондаған жылдар бойы шектеген даулы заңға байланысты бұл сала да қазақстандық әйелдер үшін қолжетімсіз, іс жүзінде жабық болып келді. Мәселен, егер ҚР-да жалпы жалақы қорында әйелдер үлесі бірден 52% болса, өндірісте — 19%-дан аз.

Бір қызығы, бүкіл тау-кен секторы бойынша ең жақсы көрсеткіштер металл рудасы өндірісінде тіркелді: мұнда әйелдердің үлесі барлық сала қызметкерлерінің шамамен 22%-ын құрайды. Сонымен қатар, сегменттегі әйелдер саны 2022 жылы 18,2 мыңнан астам болды — бұл жалпы тау-кен саласында жұмыс істейтін әйелдердің жартысы.

ҚР тау-кен металлургия кешені Қазақстандағы басқа шартты түрде «ерлердің жұмысы» саналатын салалардың аясында дәстүрлі түрде оң динамикасымен ерекшеленеді. Мәселен, 2022 жылы металлургия өнеркәсібіндегі қызметкерлердің жалпы санындағы әйелдердің үлесі, жедел деректерге сәйкес, 26% дерлік болды, бұл ТМК қатысты өндіруші сектор сегменттерінен де жоғары. Ашық дереккөздерде кейінірек шығатын нақтыланған деректер бұдан да жоғары көрсеткішті көрсетуі мүмкін. Салыстыру үшін: мұнай-газ өндірісі және көмір өндірісі саласында әйелдердің үлесі сәйкесінше небәрі 17% және 20% ғана, ал оларды өңдеудегі үлесі 21%-ды құрайды. Бірақ қазіргі тау-кен өнеркәсібі өткен ғасырлардағы «қолмен» өндіру емес, бұл қызметкерлерден физикалық емес, зияткерлік дағдыларды, физика, компьютерлік технологиялар саласындағы білімін, «ақылды» жабдықтарды басқару талапетіледі. Бұл жағынан қазақстандық әйелдер ешқашан ерлерден кем түспеген.

ҚР тау-кен металлургия кешенінің жетекші компаниялары әйелдер мәселесін қоғамдық пікірталасқа жүйелі түрде көтеріп келе жатқанын көрсетеді. Мысалы, Astana Mining & Metallurgy (AMM) конгрессі аясында өткізілетін жыл сайынғы «Алтын Гефест» тау-кен металлургия өнеркәсібінің ұлттық байқауында екі жылдан бері «ТМК-дегі әйелдер» номинациясы бар. Шараның бас серіктесі — ERG (Еуразиялық Топ). Айтпақшы, ERG-де гендерлік теңдік ESG (Environmental, Social, and Corporate Governance) қағидаттарына сәйкес тұрақты дамудың корпоративтік стратегиясының бір бөлігі саналады.

Атап айтқанда, ERG-де 16,2 мың әйел жұмыс істейді, бұл топ қызметкерлерінің 26,2%-ын құрайды, яғни Қазақстандағы орташа салалық көрсеткіштен жоғары және McKinsey & Company 2021 жылы 8%–17% деңгейінде бағалаған әлемдік тау-кен өнеркәсібінің орташа көрсеткішінен жоғары. Оның 38%-ы басшылар, мамандар мен қызметкерлер, 62%-ы жұмысшылар. Топ деңгейдегі қызметтің негізгі көрсеткіштері жетекші лауазымдардағы әйелдер үлесімен өлшенеді. ERG-де жұмыс істейтін әйелдердің 38%-ы жоғары, 42%-ы техникалық және кәсіптік, 20%-ы орта білімді.

Топ өзі жұмыс істейтін барлық аймақтарында бірдей принциптерді ұстанады. Бразилиялық ERG BAMIN жобасы осы сектордағы гендерлік инклюзивтілікті жан-жақты ілгерілетуге (оқыту, жұмысқа орналастыру және т. б.) бағытталған «Бразилия тау-кен өнеркәсібіндегі әйелдер» бастамасына белсенді қатысады. Компанияның Конго Демократиялық Республикасындағы Metalkol RTR кәсіпорны жартысы әйелдерден құралған жергілікті тұрғындардан жиналған шәкірттер үшін пилоттық өндірістік оқыту бағдарламасын жүзеге асырып жатыр.

Теңдік пен алуандық ҚР тау-кен металлургия кешенінің мыс алыбы KAZ Minerals тобының да тұрақты даму қағидаттарының бір бөлігі. Компания ресми деңгейде жынысына (сонымен қатар жасына, нәсіліне, ұлтына, этникалық шығу тегіне, отбасылық жағдайына, дініне, тіліне, саяси көзқарасына, жыныстық бағдарына, жүктілігіне, әйелдер мен ерлердің балалы болу-болмауына немесе мүмкіндігі шектеулі болу-болмауына) байланысты кемсіту жағдайларын жою үшін барлық қажетті құралдарды әзірледі. Кемсітушілік немесе алымсақтық туралы кез келген хабарламалар тексеріледі.

KAZ Minerals қызметкерлері арасында әйелдердің үлесі 21%, ал жоғары басшылық деңгейінде әйелдер 26%-ды құрайды. Топ барлық деңгейдегі әйел қызметкерлердің үлесін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізеді және аналарға да, әкелерге де бала күтіміне байланысты үш жылға дейінгі демалысты қамтамасыз етеді, сондай-ақ осындай демалыстан оралған жұмысшыларды біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастырады.

Сонымен қатар, KAZ Minerals тау-кен өнеркәсібінде әйелдерді жұмысқа орналастыруға шектеулерді алып тастау бойынша ұзақ мерзімді науқанды басынан бастап белсенді түрде қолдады және 2021 жылғы 12 қазанда ҚР Еңбек кодексіне тиісті түзетулер енгізілді. Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою жөніндегі бұл шара 2021 жылғы 11 маусымда бекітілген Адам құқықтары саласындағы басымдылық іс-шаралар жоспарының бөлігі болды. Кемсітушілік шектеулер жойылғаннан кейін топ жұмыс істейтін аймақтардағы әйелдерге бірден KAZ Minerals-та оқуға және жұмысқа орналасуға мүмкіндік берілді.

Әрине, ТМК-да, жалпы Қазақстанда әлі де шешімін таппаған мәселелер көп. Ішінара олар заңдарға қатысты көптеген жылдар бойы проблемалардан туындаса, ішінара олар жалпы және әлемнің кез келген жеріндегі сияқты гендерлік теңсіздіктің құрамдас бөлігі.

Айталық, біз ҚР тау-кен металлургия кешенінің ел экономикасындағы орасан зор рөлі туралы бірнеше рет жазған болатынбыз және металл рудасын өндіру және металлургия секторындағы жалақы республиканың өнеркәсіп саласындағымен салыстырғанда Қазақстан бойынша орташа деңгейден әлдеқайда жоғары екенін атап өттік. Шынында да, 2022 жылы жедел деректер бойынша ҚР-да атаулы орташа айлық жалақы 308 мың теңгені, еліміздің өнеркәсіп саласында — 416,2 мың теңгені, металл рудасы өндірісінде — 479,1 мың теңгені, ал металлургияда — 467,5 мың теңге. 2021 жылы (мұнда нақтыланған мәліметтер) көрсеткіштер мынандай болды: республика бойынша орта есеппен — 250,3 мың теңге, өнеркәсіпте — 327,1 мың теңге, металл рудасы өндірісіндее — 357,2 мың теңге, металлургияда — 370,9 мың теңге.

Сонымен қатар, дәл осы 2021 жылы металл кенін өндіру сегментіндегі әйелдер орта есеппен 293,3 мың теңге, ал ерлер 373,9 мың теңге алған. Металлургияда әйелдердің жалақысы орта есеппен 304,8 мың теңгені, ерлердің жалақысы 391,9 мың теңгені құрады. Яғни, ҚР тау-кен металлургия кешенінде әйелдер республикадағы орташа деңгейден айтарлықтай көп алатынына қарамастан (2021 жылы — ерлерде 281,2 мың теңгенің орнына бар болғаны 220,2 мың теңге), гендерлік жалақы алшақтығы сақталуда. ESG шеңберінде жұмыс істейтін сектордағы ең ірі компаниялар бұл жағдайға жол бермеуге жұмыс істейді.

Қазақстанның әлі де алға ұмтылуы керек. Айталық, 2022 жылы Дүниежүзілік экономикалық форумның мәліметі бойынша, гендерлік теңдік бойынша елдер рейтингінде біздің республика 146 қатысушы елдің ішінде небәрі 65-орынға тұрақтады. Дегенмен, ҚР үшін бұл ұзақ уақыт бойы төмен сырғығаннан кейінгі қайта өрлеу: 2021 жылы республика 156 қатысушы елдің арасында 80-орынға ғана ие болды.

Еске салайық, гендерлік теңдік мәселесі БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарының бірі (ТДМ № 5), және Қазақстан халықаралық деңгейде қабылдаған міндеттемелері аясында осы мақсатқа жетуге ұмтылуы керек.

1.2k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.