Жалақысы жоғары жандар 4 пайыздық автонесие ала алмайды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 3 мамыр, 2023

Автонесие беру бағдарламасына өзгерістер енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев хабарлады.

Қазір бұл бағдарлама бойынша бірнеше мәселе бар екенін атап өтті министр, деп хабарлайды Turkistan Today.


«Біріншіден, біз әр айда қайтарылған қаржы есебінен қосымша автонесиені жүзеге асырамыз дедік. Бірақ айына шамамен 1 млрд теңге қайтарылып отыр. Ол 100 көлікке жетеді. Осы уақытқа дейін шамамен 4 млрд теңге қайтарылды. Ол ең көп дегенде 400 көлікке жетеді. Бағдарлама жарияланғанда шамамен 5 млрд теңге қайтарылған соң, қайта басталуы керек», – деді министр Үкімет отырысынан кейін.
Сондай-ақ министр автонесие бағдарламасына алғашқы жарна енгізу мәселесі де қаралатынын да айтты.


«Екіншіден, бұрын бастапқы жарна болмайтын. Ол бойынша 10% бастапқы жарнаны енгізуді қарастырып отырмыз. Үшіншіден, көліктің құны 15 млн болса, 10 млн теңге несие берілетін. Оны да төмендетуді әрі көбірек көлік беруді қарастырамыз», – деді Қарабаев.
Сонымен қатар белгілі бір жалақысы бар адамдарға шектеу енгізу көзделіп отыр. Белгіленген шекті жалақыдан асып кетсе, көлік ала алмайды.
«Осылайша, мұқтаж жандарға арнап жасаймыз. Осыған дейін көлік алған адамдардың орташа жалақасына қарап белгілейміз. Қазір қанша екенін айта алмаймын. Осы өзгерістерді бір айда енгізіп, аяқтауды көздейміз», – деді Марат Қарабаев.
Еске сала кетсек, елімізде жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы былтырдан басталды. Бағдарламаға бөлінген қаржы таусылғандықтан, банктер өтініш қабылдауды уақытша тоқтатқан болатын. 

Министрдің айтуынша 4 пайыздық автонесие туралы жаңа талаптар 15 мамырға дейін жарияланады. Және де автокредит алған адамдардың аты-жөні жариялануы мүмкіндігін айтты.

1.4k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.