Желіде кілең ер адамдардың орындыққа тізіле өздері отырып, жалғыз әйелді жерге жіберген сурет қызу талқылануда. Тіпті бұл орындағы азаматтар мемлекеттегі лауазымды тұлғалар болып шықты деп Turkistan Today хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға Қырғыстанның Ош өңірінде болды. 24.kg сайтының жазуынша, шенеуніктердің әйелге деген құрметсіздігі жұрттың ашуына тиген. Яғни, елдің кілең шенділері орындыққа жайғасып, жалғыз әйелге жерден орын беріпті.
Суретте Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары Бақыт Торобаев, Ош облысының басшысы Зиядин Жамалдинов, Ош қаласының мэрі Бақытбек Жетігенов, вице-мэрлер Марс Исаев және Сонунбек Жүнісбаев және Ош қалалық әкімдігінің әлеуметтік даму бөлімінің бастығы Масуда Айдарбеков.
Желіде қызу талқыға түскен суретке кейін Ош қаласының баспасөз қызметі пікір білдірді. Яғни, жазбада суреттің Наурыз мейрамы аясында түсірілгеніне тоқталыпты.
«Сурет Құран оқу кезінде түсірілген. Яғни, дұға оқи бастағанда сондағы азаматтар тұрған жеріндегі орындыққа отырды. Бірақ ол шарада бұл орындарға өзге адамдар отырмауы керек деген тиым болған жоқ”, — деп жазған ол.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.