Жамбыл облысында 200 педагог заңсыз жалақы алып келген

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 10 мамыр, 2023

Жамбылда үйден оқытатын 225 балаға мүлдем сабақ бермеген 200-ден астам педагог заңсыз жалақы алып келген, деп хабарлайды Turkistan Today inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облыстық білім басқармасының мамандары бұл жағдайды мұғалімдердің жалақысы жүрген уақытта балалар  күндізгі стационарларда ем алып жатқан деп түсіндіреді.

Дегенмен, жауапты міндеттеріне жауапсыздық танытқан 78 маманға тәртіп шаралар қолданылыпты.

Мамандардың айтуынша, оларға заңсыз төленген 24,1 миллион теңге түгел кері қайтарылыпты. 

Жамбыл облыстық білім басқармасы аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінен бұл заңбұзушылыққа жол берген басшылар мен жауапты мамандардан түсініктемелер алғанын айтады. Нәтижесінде кейбір балалардың денсаулығы бойынша порталға тіркелгенімен, ауруханаларға жатпағандары анықталған.

Әйтсе де, қоғам белсенділері бұл мәселе бірінші рет туындап отырмағанын айтады. Егер балалардың мектепке келіп білім алатын мүмкіндігі болса, арнайы инклюзивті кабинеттерге келер еді дейді. 

Жамбыл облысында ерекше жағдайда оқумен қамтуды қажет ететін 6233 мүмкіндігі шектеулі бала бар. Оларға орта білім беру үшін осы бағытта жұмыс істейтін 30 арнайы мекеме мен кабинеттер ашылған. 

1.1k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.