Түркістан облысында 5 жасар қызды өлтірген ер адамға жеңіл үкім шығарған аудандық соттың бұрынғы төрағасы Нұрғазы Шетенов су жаңа лауазымға ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Turkistan.Today порталы.
Аталған оқиғадан кейін аудандық сот төрағасы Нұрғазы Шетенов қызметінен өз еркімен кету туралы арыз жазған еді. Өйткені, күдікті сол сот төрағасының тұсында бұрын 10 жыл сотталғанына қарамастан биыл жазда тағы біреудің басын балтамен ұрып жарғанына қарамастан үш жыл шартты жаза берген.Оған қоса, аудандық сот төрағасын қызметінен кетіруді бұған дейін Сарыағаштың халқы талап еткен. Алайда, ол жұмыстан біржола шығарылмаған. Аудандық соттың қарапайым судьясы қызметін жалғастыра береді.
Жоғарғы кеңестің ұсынысы бойынша президент Жарлығымен енді Нұрғазы Шетенов Сарыағаш аудандық сотының төрағасы қызметінен босатылды, содан кейін осы соттың судьясы қызметіне қайта тағайындалды, - деп хабарлаған облыстық соттың баспасөз қызметі.
Бұған дейін Нұрғазы Шетенов аудандық соттың басшысы қызметінен кетуге өз еркімен өтініш берген екен. Бірақ, оның қандай себеппен өтініш бергені айтылмаған.
Еске салайық, шілде айында Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Қылмыстық кодекстің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша іс қозғалып, тергеу басталғанын хабарланған.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бас прокуратура мен ішкі істер министрлігіне Сарағаштағы бес жасар қыздың өліміне байланысты оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырған.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.