Жаңаөзенде тұрғын үйде газ жарылды

Жаңаөзенде тұрғын үйде газ жарылды

17 сәуірде таңғы сағат 5 шамасында  Жаңаөзен қаласындағы 2-шағын ауданда  екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде алдын ала болжам бойынша газ жарылысы орын алды. Салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қираған, деп TurkistanToday жазады inbusiness.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнында өрт орын алған жоқ (үйдің жалпы ауданы 600 ш.м.). Алдын ала мәлімет бойынша 11 адам зардап шеккен, олар медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Болған оқиғаның себеп - салдары анықталуда.

Оқиға орнындағы жедел үйіндінің арасын ашу жұмыстарына Маңғыстау облысы ТЖД 50-ден астам құтқарушы  және кинологиялық есептоп, 10 бірлік техника, жедел медициналық көмек және жергілікті атқарушы органдары жұмылдырылды.

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0