Бүгін Түркістан қаласындағы «Балуан Шолақ» спорт кешенінде баскетболдан қыздар арасында VI жазғы жастар спорт ойындарының жүлдегерлері белгілі болды,- деп хабарлайды turkistan.today
Төрт жылда бір өтетін кешенді жарысқа спорттың бұл түрінен елімізден 16 өңірі команда қосты (224 спортшы). Финалда жарыс қожайыны Түркістан командасы елордалық баскетболшылармен ойнап, аса тартысты матчта басым түсті. Есеп: 76-68. Қола медаль жолында Шымкент қаласы мен Атырау облысының командасы кездесті. Мұнда 82-53 есебімен мұнайлы өңірдің бойжеткендері ұтты. Ал үздік бестікті Жетісу облысын айқын басымдықпен жеңген (есеп: 53-35) Ақмола облысы түйіндеді.Баскетболдан осыған дейінгі V жастар спорт ойындарын Щучинск қаласы қабылдаған. Ол кезде қыздар арасында 14 команда жиналып, Шымкент қаласы чемпион атанса, Астана қаласы мен Қостанай облысы үздік үштікте болған. Түркі әлемінің рухани астанасында ұйымдастырылған баскетбол бәсекесінде барлық команда жоғары дәрежелі ойын көрсетті.
Бұл спорт ойындары жастардың шеберлігін шыңдап қана қоймай, олардың өзара тәжірибе алмасуына, достық қарым-қатынас орнатуына жол ашады. Сонымен қатар алдағы уақытта халықаралық ареналарда ел намысын қорғайтын спортшыларды анықтауға мүмкіндік береді.
Төрт жылда бір өтетін жастар спорт ойындарына 18 жасқа дейінгі баскетболшылар қатысты.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.