Жаз мезгілінде 200-ден астам IUTH студенті жұмыспен қамтамасыз етіледі

Жаңалықтар 21 мамыр, 2025

Туризм және спорт министрлігіне қарасты Халықаралық туризм және меймандостық университетінің (IUTH) 200-ден астам студенті жаз мезгілінде туризм және меймандостық саласындағы кәсіпорындарда уақытша жұмыспен қамтылады,- деп хабарлайды turkistan.today

Атап айтқанда:
– 100-ден астам студент қоғамдық тамақтану орындарында;
– 64 студент қонақүйлер мен орналастыру орындарында;
– 52 студент демалыс және ойын-сауық нысандарында жұмыс істейді.

Өндірістік тәжірибе ақылы негізде өтеді және студенттерге нақты өндірістік ортада тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Тәжірибені сәтті аяқтаған жағдайда студенттер стипендиясын сақтай отырып, ресми жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.

Тәжірибе Rixos Water World Aktau, Rixos President Astana Hotel сынды ірі нысандарда, сондай-ақ өзге де қонақүйлерде, мейрамханалар мен демалыс орындарында өтеді.

Бұл бастама студенттердің кәсіби даярлығын арттыруға және университет пен туризм саласындағы жұмыс берушілер арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.