Жазатайым оқиға: Түркістан облысында ер адам құстарды атам деп , жасөспірімді өлтіріп алды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 10 шілде, 2023

Бала оқиға орнында көз жұмды.

Оқиға Түркістан облысында құстарды ату кезінде болды. Қазығұрт ауданындағы ЖШС-нің бірінің егіс алқабында жүзім бағында құстарды атуға жалданған ер адам абайсызда жасөспірімді басынан атып жіберген , бала оқиға орнында көз жұмды, деп Turkistan Today хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Оқиға 8 шілде күні кешкі уақытта болған. Іс жүзінде ҚР Қылмыстық кодексінің 104-бабының 1-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиға орнына облыстық полиция департаменті, аудан прокуроры мен жедел-тергеу тобы аттанды. тәркіленді. Сараптама тағайындалды», — делінген хабарламада.
Күдікті Сарыағаш ауданының тұрғыны полиция бөліміне жеткізілді. Барлық мән-жайлар анықталып жатыр.

897

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.