Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған жігіт халықтан кешірім сұрады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 2 ақпан, 2024

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрып, кейін қашып кеткен Нұрболат Дәкебаевтың ұсталар алдында түсірген видеосы таралды, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ассалаумағалейкүм, барша қазақстандықтар, барша мұсылмандар, Қазақ елі! Мен 2024 жылы 1 ақпан күні өзім барып берілмекшімін. Себебі істеп қойған қиянатым күн бермей жатыр. Бәрінен, ақ халаттылардан кешірім сұраймын. Мен зиянымды тигізбек ойым болған жоқ. Ондай ойым мүлде болмаған, болмайды да. Жаңағы қол жұмсап, менен жәбір көрген бауырымнан мен кешірім сұраймын. Алла разылығы үшін кешіріңіздер. Қазақстандағы мұсылман бауырлар, барлықтарыңыз мені кешіріп қойыңыздар. Мен өз қателігімді түсініп отырмын. Алла разылығы үшін кешірім сұраймын, – дейді ол.

Айта кетейік, Бас прокуратура 1 ақпан күні жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адамды Қарағанды облысында ұстаған еді.

457

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.