«Жер аманаты» комиссиясының отырысы өтті

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 6 сәуір, 2023


Бүгін, «AMANAT»  партиясының Түркістан облыстық филиалы жанындағы аймақтық «Жер аманаты» комиссиясының отырысы  өтті. «Жер аманаты» жобасы аясында ұйымдастырылған жиынға «AMANAT»  партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев төрағалық етті, деп хабарлайды Turkistan Today.

Комиссияның бүгінгі отырысына Сауран ауданының әкімі Ғ.Үсенбаев және облыстық жер қатынастары  мен ауыл шаруашылық басқарма басшылары, жер ресурстарын басқару департаменті  басшысы, облыстық прокуратураның өкілі  қатысты. Бас қосуда Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаев өткен жылы «Жер аманаты» партиялық жобасы аясында атқарылған жұмыстарға есеп берді. Сауран ауданының жалпы аумағы 721,745 гектарды құрайды. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі – 388 843 га. Оның ішінде : суармалы жерлер – 44 441 га болса, жайылым жер – 344 402 га құрайды. 
- Түркістан облыстық жер қатынастары басқармасы тарапынан 2022 жылға ортақ пайдалануға Сауран ауданы бойынша берілген жоспар: 126,9 га. Оның ішінде: 48,5 мың га жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтару арқылы, 78,4 мың га жер учаскесі меморандум арқылы қайтару жоспарланған. 


            Орындалуы: Мемлекет меншігіне қайтару жолымен 58,6 мың га жер учаскесіне мемлекет мұқтаждығына алу туралы қаулысы қабылданған. Сонымен қатар 61,8 мың га жер учаскесіне шаруа қожалық иелерімен келісім-шарт түзумен меморандум арқылы елді мекеннің ортақ жайылымына келісілді. Жалпы жоспар бойынша орындалғаны 120,4 мың га жер учаскесін құрады. Осы күнге дейін Сауран ауданына қарасты ауылдық округтерде ортақ жайылым үшін жалпы 22665,0 гектар жайылым жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты (ГОСАКТ) алынған. 


         Алдағы уақытта мемлекет мұқтаждығына алу жұмыстары толығымен  аяқталған соң, әр ауылдық округ әкімдігінің меншігіне берілетін болады, - деді өз өзінде Ғалымжан Қарабайұлы.


Облыстық  жер  ресурстарын басқару департаменті  басшысының міндетін атқарушы Б.Досжанов және облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Е.Тілеген  «Жер аманаты» комиссиясында Сауран ауданы бойынша бірқатар кемшіліктерге тоқталып өтті.


 Сауран ауданы бойынша жайылым жер учаскелерін түгендеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде ИСЖ базаға мал басы тіркелмеген 358 жер иелеріне тиесілі 29 993 га жер телімі анықталған.  Осыған орай, Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментіне өз құзыреті шегінде шара көру үшін жолданған.


 Жиынға қатысқан облыстық прокуратураның аға прокуроры  Н.Мықтыбаев  партиялық жоба аясында бірқатар заңдарға өзгерістер жасауға ұсыныстар берді.

1.5k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.