Жетісу облысында “Инватакси” қызметі 60 мыңнан астам рет қызмет көрсетіпті

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
Жаңалықтар 23 қыркүйек, 2024

2024 жылы 34 автокөлікпен «Инватакси» қызметін көрсету үшін 306,6 миллион теңге бөлінді

Жетісу өңірінде мүмкіндігі шектеулі жандар «Инватакси» қызметін  тұрақты пайдаланады. Жыл басынан бері мүмкіндігі шектеулі жандарға 60 мыңнан астам рет қызмет көрсетілген. Бүгінгі таңда облыста арнайы қызмет көрсететін 34 «Инватакси» бар, – деп хабарлайды turkistan.today порталы Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

– Өткен жылы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың тапсырмасымен жергілікті бюджет есебінен 14 жаңа «Инватакси» сатып алынды. Соның нәтижесінде облыста 1 жылдың ішінде жекеменшік таксилер саны екі есеге артты. 2024 жылы 34 автокөлікпен «Инватакси» қызметін көрсету үшін 306,6 миллион теңге бөлінді, – деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаев.

 

Облыс аумағында  «Инватакси» қызметін 8 үкіметтік емес ұйым жүзеге асырады. Оның екеуі Талдықорған қаласында. Бірі – «Ерлік» мүгедектер қоғамдық ұйымы болса, екіншісі «Талдықорған» корпоративтік қорының «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігі. Жалпы, облыс орталығында барлығы 13 мамандандырылған «Инватакси» көлігі мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетеді.

– Алғашында мүмкіндігі шектеулі жандарға 3 автокөлік қызмет көрсететін. Мемлекет қолдауының нәтижесінде қазір 8 автокөлікке ие болдық. «Инватакси» қызметінің жүргізушілері ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмысқа, мектепке, спорттық, сауықтыру шараларына алып барады. Мемлекет тегін көрсететін әлеуметтік қызметтің пайдаланушысы болу үшін мүгедектерге арналған «Ерлік» ҚБ жанындағы «Инватакси» қызметіне мүгедектікті растайтын құжаттарды тапсыру қажет. Өтініштер көлікті жеткізуге бір күн қалғанда телефон арқылы қабылданады. Белгілі бір мекемеге баратын көліктің жеткізілетін күні, уақыты және ол жерден қайтатын уақыты көрсетіледі, –  дейді «Ерлік» мүгедектерге арналған қоғамдық ұйымның өкілі Нұрбек Тұрғанов.

 

Талдықорған қаласының тұрғыны Гүлнар Нұрғалиева бірнеше жылдан бері «Инватакси»  қызметін пайдаланып келеді. Осы әлеуметтік қызметтің арқасында арбаға таңылған жан күн сайын жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөліміндегі жұмысқа оңай жетіп, кешкісін үйіне қайтады.

«Біздің қалада осындай қызметтің барына қуаныштымын. Бұл – өте ыңғайлы. Бізге үлкен қолдау деп білемін. Әсіресе, «Инватаксидің» қызмет көрсету сапасы көңілімізден шығады. Өз басым бұл көлікті күнделікті жұмысқа барып, қайту үшін пайдаланамын», – дейді «Ақжанел» сауықтыру орталығында медбике болып жұмыс істейтін Жадыра Қасымова.

 
Жалпы, Жетісу облысында жан-жақты қолжетімділікті қамтамасыз етіп, кедергісіз орта қалыптастыруға баса назар аударылуда. Мәселен, жыл басынан бері 168 әлеуметтік инфрақұрылым нысанына кедергісіз орта қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілді. Қазірдің өзінде облыста білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт нысандарын, сондай-ақ мемлекеттік мекемелерді қоса алғанда, барлығы 628 нысан жоспарға сәйкес жасақталды.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.