«Жетісу» волейболшы қыздары Азия лигасында алтын медалін иеленді

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
Жаңалықтар 28 сәуір, 2025

«Жетісу» Филиппин елінде волейболдан әйелдер командалары арасында өткен Азияның Чемпиондар лигасында топ жарды,- деп хабарлайды turkistan.today

Ақтық сында талдықорғандық спортшылар вьетнамдық «Бин Дьен Лонг» командасын 3:1 есебінен ұтып, өз тарихында тұңғыш рет Азия Чемпиондар лигасының алтын медаліне қол жеткізді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 Еске салсақ, «Жетісу» командасы бұған дейін Азияның клубтық Чемпиондар лигасына тоғыз рет қатысып, екі мәрте – 2010 және 2013 жылдары күміс медаль алған болатын. Ал биылғы чемпионатта алтыннан алқа тағып, осылайша жетісулық команда алдағы қыркүйекте Таиландта өтетін клубтық Әлем чемпионатына жолдама алды.

Атап өтсек, Азия Чемпиондар лигасына Қазақстан, Таиланд, Филиппин, Қытай, Вьетнам, Қытай, Гонконг, Иордания және Иранның үздік әйелдер клубтары қатысқан болатын.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.