"Ұлытау техникалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылады.
Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жезқазған қаласында Ұлытау техникалық университетін құру туралы Үкімет қаулысына қол қойды, деп Turkistan Today хабарлайды inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Ұлытау техникалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылсын. Ғылым және жоғары білім министрлігі кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын. Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, қосымша білім беру саласында білім беру және ғылыми және ғылыми-техникалық қызметпен айналысу болып айқындалсын", - делінген Әлихан Смайылов қол қойған Үкімет қаулысында.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.