Жиналыс үстінде алып кетті. Шымкентте басқарма басшысын ұстаған сәттің видеосы таралды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 6 ақпан, 2024

Шымкент қаласы Тұрғын үй басқармасының басшысы қаланың сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатын жымқыру бойынша күдікті екені анықталған, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков басқарма басшысының ұсталған сәтінен видео жариялады. 

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Шымкент қаласы Тұрғын үй басқармасы басшысының м.а. қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Лауазымды адам қаланың 216 тұрғын үйінің сейсмикалық тұрақтылығын технологиялық тексеру жөніндегі жұмыстарды орындауға бөлінген аса ірі мөлшерде алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобымен бюджет қаражатын жымқыру бойынша күдікті.

Залалдың алдын ала сомасы 120 млн теңгені құрайды.

Қатарлас қаржылық тергеу барысында шенеуніктің анасына ресімделген Түркістан облысының Қазығұрт ауылында монша кешенін салу арқылы жымқырылған қаражатты заңдастыру туралы нұсқасы тексеріледі.

460

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.