Жолаушы естен танған ұшқышты алмастырып, ұшақты қондырды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Әртүрлі 27 наурыз, 2023

АҚШ-та жолаушы есінен танып қалған ұшқышты алмастырып, ұшақты қондырды, - деп Turkistan Today хабарлайды Tengritravel.kz басылымына сілтеме жасап.

Лас-Вегастан Колумбусқа бағыт алған Southwest Airlines әуекомпаниясының әуекемесінің ұшқышы рейс кезінде өзін жайсыз сезінген. Оған дереу медициналық көмек қажет болды.

Ер адамға лайнер бортында жолаушы ретінде отырған басқа бір әуетасымалдаушының дипломды ұшқышы көмекке келген. Ол экипаж кабинасына кіріп, Southwest Airlines компаниясының екінші ұшқышы ұшақты басқарып отырған уақытта радиобайланысты орнатқан. Есінен танып қалған капитанды лайнердің артқы бөлігіне апарған. Капитанға осы рейсте болған медбике көмектесті.

FlightAware.com порталының мәліметінше, ұшақ әуеде 1 сағат 17 минут болған. Ұшақ Лас-Вегасқа қайта оралған, содан кейін резервтік экипаж бортқа кіріп, жоспар бойынша Колумбусқа ұшқан. Денсаулығы нашарланған ұшқыш ауруханаға жеткізілді.

1.4k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.