«Жүдеп кетіпті»: Ауруханадан шыққан ақын Жүрсін Ерманның қазіргі жағдайы жұртты шошытты

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 25 сәуір, 2023

Ақын Ораза айт мерекесін Отанында қарсы алды. Айтыстағы әріптестері Жүрсін Ерманның шаңырағында бас қосты. Бұл туралы айтыскер Қазірет Бердіхан өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Turkistan Today.

“Өзбекстаннан Талғат Орынбек деген тамаша талант, айтыскер бауырымыз Жүрсин Ерман көкемізге амандаса келіпті. Көкеміздің денсаулығы жақсарып, далаға шығып, таза ауа жұтіп жүрміз. Айт күні айтысқа қатысы барлардың біразы Жүрсін көкеміздің шаңырағында бас қосты! Мұхтар Ниязов айтпақшы, айттан айтқа, айтыстан айтысқа аман жете берейік”, – деп жазба жариялады айтыскер.

Ақынның жүдеп кеткенін байқаған желі қолданушылары да барынша қолдау білдіріп, тілектес екендерін жеткізді.

“Жүдеп қалыпты, Алла қуат берсін”, “Ағамыз шөгіп кетіпті. Ауру дендетіпті”, “Сауығып, аттай шауып кетсін”, “Жаман шал» болу үшін бір ауру жеткілікті екен ғой. Жүкеңе құдай қуат берсін”, “Жүрсін ағаның рухы мықты! Ауруды аударып тастайды”, – деп жазды желідегілер.

 

1.7k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.