Жыл басынан бері 158 мыңға жуық адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылды

Жаңалықтар 16 мамыр, 2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 157,8 мың адам қамтылды, 143,2 мың қазақстандық жұмысқа орналастырылды,- деп хабарлайды turkistan.today

Субсидияланатын жұмыс орындарына мансап орталықтары арқылы 106,3 мың адам жіберілді, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарында 9,6 мың адам, жастар практикасында 6,6 адам, қоғамдық жұмыстарда 78,3 мың адам, «Күміс жас» жобасы аясында 11,1 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша 680 адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы шеңберінде 33 адам жұмыспен қамтылды.

Еңбек нарығындағы сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 36,6 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 34,5 мыңы оқуды аяқтады.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 14,1 мың адам қамтылды, оның ішінде 7,3 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.

Жұмыс берушілердің өтініші бойынша кәсіптік оқытуға 802 адам жіберілді, оның ішінде 51 адам оқуды аяқтады.

Бұдан басқа, қызмет саласын таңдау мақсатында кәсіптік орталықтарда 140,7 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтіп, кеңес беру қызметтерін алды.

Азаматтарды жұмысқа орналастыру бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылатынын және шын мәнінде жұмысқа орналасқандығы олар үшін міндетті зейнетақы жарналарының аударылуымен расталатынын атап өткен жөн.

Мәселен, 2025 жылғы 1 мамырда 143,2 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары шеңберінде – 87,8 мың адам; Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер орналастырған бос бос орындарға – 31,7 мың адам; Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» бастамасы шеңберінде – 23,6 мың адам. орталық мемлекеттік органдар іске асыратын жобалар шеңберінде – 42 адам.

Сонымен қатар, жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 2025 жылы халықтың әлеуметтік осал санаттарына жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 400 АЕК (1 572 800 теңге) дейінгі мөлшерде 9 мың грант беру көзделген. Грант алуға үміткерлерден өтінімдерді қабылдаудың бірінші легі 2025 жылғы 21 мамыр мен 3 маусым аралығында өтеді.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.