Серіктестер

Жылдың үздік депутаты Жетісу өңіріне жұмыс сапарымен барды

Жаңалықтар 6 қаңтар, 2026

Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясы фракциясының мүшесі Ерболат Саурықов Жетісу облысына барып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселені жергілікті жерде талқылауды бастады.

Жұмыс сапары аясында депутат өңірдегі өндірістік, аграрлық және әлеуметтік нысандардың еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізеді. Басқосуларда ауыл шаруашылығын дамыту, су ресурстарын тиімді пайдалану, төтенше жағдайлардың алдын алу, білім беру саласы мен өңдеу өнеркәсібіндегі түйткілдер кеңінен қаралады.

Сонымен қатар іске асырылып жатқан жобалардың барысы мен олардың өңір экономикасына ықпалына ерекше назар аударылады.

Бұдан бөлек, Ерболат Саурықов облыс басшылығымен, фермерлер қауымдастығымен және сала мамандарымен кездесіп, тұрғындарды алаңдатқан мәселелерді тыңдап, оларды шешу жолдарын талқылауды жоспарлап отыр.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.