Өзбекстанның қорғаныс министрлігі Ресейден Ми-35М үлгісіндегі төрт әскери тікұшақ сатып алды. Бұл туралы "Ташкент жаңалықтары" Телеграм-каналы хабарлады.

Осыған дейін Ресейдің «Новая газета» басылымы 2019 жылдың төртінші тоқсанында Өзбекстанға төрт Ми-35М тікұшағы, 2020 жылы сегіз тікұшағы жеткізілгенін жазған.

Әскери тікұшақ заманауи жабдықталған және кез-келген ауа-райында ұшуға қолайлы екені айтылған. Ми-35М ұшағының артықшылығы — жүк кабинасында адамдар мен әскери жабдықтарды тасу мүмкіндігіне ие.