Айгүл Иманбаева көпшіліктен макияжсыз келбетін жасырмайтын санаулы жұлдыздардың бірі. Алайда жасы қырықтан асқан актрисаның бояусыз түрін оқырмандары сынап тастаған деп жазады turkistan.today.

Өнер иесі өзінің жұмысынан тыс уақытта бояусыз жүруге тырысатынын айтып, жазба қалдырған.

Ал желі қолданушылары өз кезегінде Иманбаеваның әрленген бет-әлпетіне үйреніп қалғандарын жасырмады.

"Макияжсыз қорқыныштысыз ғой", "Бетіңізді бояу жеп тастапты", "Бетіңіз қартайып кетіпті", "Бояумен жүре бергеніңіз дұрыс", "Негізі шынайы келбетін батыл әйелдер ғана көрсетеді дейді ғой".

"Танымай қалдық қой", "Әншілердің сұлулығына еліктеуші едік. Еліктеудің керегі жоқ екен", "Қартайып кетіпсіз", "Боянып әдемі болып жүріңізші", - деп пікір білдірді.

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Айгүл Иманбаеваның белігісіз жігітпен түскен суреті желіде қызу талқыға түскен болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Иманбаеваның әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.