Нұр-Сұлтандағы бокс кешінде қазақстандық Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) ганалық Исса Самирды жеңіп, WBC, WBO және WBA нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағын қорғады, – деп хабарлайды Turkistan.today агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Айдос Ербосынұлы кәсіпқой бокстағы болашағы жарқын спортшылардың бірі. Ол бүгінгі жеңісі арқылы чемпиондық белдікке бір табан жақындады.

Еске сала кетейік, екінші орта салмақтағы жекпе-жек (76,2 келіге дейін) 12 раундқа есептелген, бірақ үшінші минутта аяқталды.