Түркістанда облыстық қоғамдық даму басқармасы мен ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Рухани құндылық – ұлт қуаты» тақырыбында семинар-тренингі болып өтті.Бұл туралы Түркістан облыстық өңірлік коммуникация қызметі хабарлайды. 
Дін өкілдерінің басын қосқан шарада  Елордада өткен ІІІ Республикалық имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани қазық» тұғырнамасын насихаттау жұмыстары талқыланды. Өңір имамдарының біліктілігін арттыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытындағы жұмыстарға талдау-талқылау жүргізу, өзара тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған шараға Түркістан облысы мен Шымкент қаласы мешіттерінің бас имамдары қатысты. Арнайы сөз алған ҚМДБ-сы төрағасының орынбасары, наиб муфти - Оңғаров Ершат Ағыбайұлы, ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкіл имамының орынбасары, наиб имамы, Шымкент қаласы Еңбекші ауданының бас имамы - Қарақұлов Еркебұлан Ыбырайымұлы, ҚМДБ Түркістан облысы  бойынша өкіл имамы – Ақтамберды Мұсабек, ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы - Бейсенбаев Бақтыбай  Қыдырбайұлы семинар жұмысының мақсаты мен маңыздылығына тоқталып өтті. 
"Діни сауаттылық әрқашан алғашқы орында тұру қажет. Ежелден қазақы салт- дәстүрмен біте қайнасқан асыл дініміз рухани қазығымыздың діңгегі", деді Ершат Оңғарбайұлы.
Жиында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Әбуов Қайрат Базарбекұлы мұндай діни басқосулар өңірімізде алдағы уақытта жиі өтіп тұратынын жеткізді.
Кездесу соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.