2024 жылы Қазақстанда рекордтық 26,7 млн тонна астық жиналды

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
Жаңалықтар 29 қаңтар, 2025

2024 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша саланың жыл сайынғы жеткіліксіз қаржыландыру мәселесі шешілді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді,- деп хабарлайды turkistan.today

Көктемгі егіс, егін жинау жұмыстарына және ауыл шаруашылық техникасының лизингіне қомақты қаражат бөлінді. Алғаш рет жеңілдетілген несиелендіру көлемі жылдық 5%-бен  580 млрд теңгеге дейін жеткізілді, ал өткен жылдары бұл көлем 160 млрд теңгеден аспады.  Қабылданған шаралар фермерлерге барлық қажетті агротехникалық шараларды толық көлемде өткізуге мүмкіндік берді. Пайдаланатын элиталық тұқымдардың үлесі 7,1%-дан 9%-ға дейін өсті.

Қарыз алушылардың 90%-ын шағын және орта шаруашылықтар құрайды. Олар дамуға қажетті ресурстарға ие болды. 

Нәтижесінде 2024 жылы Қазақстан соңғы 13 жылда алғаш рет дәнді және бұршақты дақылдардан 26,7 млн тонна өнім жинады. Өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемі 21,1%-ға және мал шаруашылығында 3,2%-ға өсуі ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің 13,7%-ға ұлғаюына ықпал етіп, 8,3 трлн теңгені құрады.

«Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет», - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

2024 жылдың қорытындысы бойынша отандық азық-түлік өндірісі 3,2 трлн теңгені құрады, нақты көлем индексі 102,9% деңгейінде қалыптасты.

Өңделген ауыл шаруашылық өнімдерінің үлесі 40%-ды құрады. Мемлекет басшысының қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің үлесін 70%-ға жеткізу жөніндегі тапсырмасын орындау үшін 2028 жылға дейін ауыл шаруашылық өнімін қайта өңдеуді дамыту жөніндегі кешенді жоспар бекітілді.  Оның шеңберінде 2024 жылы 279,6 млрд теңге сомаға 286 жоба пайдалануға берілді. Өсімдік майы мен ұн өндірісін қоса алғанда, ішкі сұранысты қанағаттандыруға ғана емес, сонымен қатар экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді.

Кешенді жоспар өңдеуші кәсіпорындарды қолжетімді шикізатпен қамтамасыз етуге және жеңілдетілген несиелер беруге бағытталған. Бұл өз кезегінде экономиканың өсуіне және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ықпал ететін болады.

Импортқа тәуелділікті азайту мақсатында 2027 жылға дейін жалпы сомасы 2,1 трлн теңгені құрайтын 570 жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл ауылдардағы әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту мен өмір сүру деңгейін көтеру үшін қосымша мүмкіндіктер береді.

Соның ішінде мал шаруашылығы саласында – 152,1 млрд теңгеге 105 жоба, сүт-тауарлы фермалар салу бойынша – 263 млрд теңгеге 101 жоба, құс шаруашылығында – 397,7 млрд теңгеге 31 жоба, қайта өңдеу саласында – 582,6 млрд теңгеге 108 жоба жоспарланған.

АӨК-ке инвестициялар тарту экономикалық өсуге ықпал етіп, ауылдық елді мекендерде инфрақұрылымды дамытуды ынталандырады.ірдегі астықтың ірі экспорттаушысы және жыл сайын шамамен 8-9 млн тонна астық экспорттайды. Оның 6,5-7,5 млн тоннасы бидай құрайды. 2024 жылы 8,1 млн тонна экспортталды. 

Бағдарлама аясында 2023 жылдан бастап 16,4 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.

2024 жылы 744 жаңа жұмыс орнын құрумен 6,5 млрд теңгеге 580 микрокредит берілді. 3,6 млрд.теңгеге 145 ауыл шаруашылығы кооперативіқаржыландырылды.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.