ҚР Ұлттық экономика министрлігі бизнестің жеңілдікпен қаржы алуын кеңейту үшін «Даму» қоры арқылы екі жаңа қолдау құралын іске қосты. Олар кез-келген ауқымдағы компанияға, мейлі ол кіші болсын, мейлі ірі болсын, кепіл жеткіліксіз болған күнде де қаржы алуға мүмкіндік береді,- деп хабарлайды turkistan.today
Бірінші қолдау құралы құны 7 млрд теңгеден басталатын ауқымды жобаға есептелген. Өнеркәсіп, энергетика, инфрақұрылым мен экспортты қоса алғанда, экономиканың негізгі салаларын қамтиды. Мемлекет қарызға кепілдік бергендіктен, бұл банк үшін тәуекелді азайтады. Осылайша бизнестің несие алуы жеңілдейді.
Екінші қолдау шағын және орта кәсіпорынға жасалады. Құны 7 млрд теңгеге дейінгі жобаларға тиесілі. Кәсіпкерлер қажетті қаржыны кепілсіз алады. Бүгінгі таңда бес банкпен келісімге қол қойылса, тағы екеуі жұмыс үстінде. Әріптестер тізімін кеңейту жұмысы жүріп жатыр.
Бағдарламаның алғашқы нәтижесі де белгілі. Жалпы сомасы 3,3 млрд теңгеге 34 жоба қолдау тапқан. Кепілдік беру рәсімі жеңілдетіліп, екі жұмыс күні ішінде орындалады. Мұны алушы – өндіріс, көлік, білім беру секілді түрлі сала өкілі.
2025 жылдың соңына дейін 10 мың жоба қолдау таппақ. 2028 жылға қарай кепілдік портфелінің көлемі 1,4 трлн теңгеге жеткізіледі. Осылайша, жыл сайын бизнестің 50 мыңнан астам бастамасына қолдау көрсетіледі.
Бүгінгі таңдағы Даму қорының әріптестері Банк ЦентрКредит, Halyk Bank, Freedom Bank, Fortebank, Bank RBK, Bereke Bank пен Қазақстан–Зираат Интернешнл Банк. Кәсіпкерге несие сомасының 85%-на дейін қордың кепілдігі берілгендіктен, қарызды оңай ала алады.
Жаңа тетіктердің арқасында қаржылық инфрақұрылым тұрақты түрде дамып, банктердің тәуекелі азаяды, отандық бизнестің өсу мүмкіндігіне үлес қосылады.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.