Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында химия және мұнай-химия саласын дамыту мәселесі қаралды. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев химия саласында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы баяндады,- деп хабарлайды turkistan.today
«Бүгінде химия саласында 49 жоба іске асырылуда. Олардың негізгілері мұнай және металлургия салаларында пайдаланылатын химиялық өнімдер түрлерін шығаруға бағытталған. Мысалы, елімізде өндірілетін каустикалық сода толығымен отандық металлургия өнеркәсібінде пайдаланылады», — деді министр.
Оның айтуынша елдің бай шикізат әлеуеті фосфориттер, калий тұздары, бариттер, күкірт, мұнай, газ және т.б химия саласында жаңа өндірістерді құруға мүмкіндік береді.
Ерсайын Нағаспаев 2035 жылға дейін салаға 4,8 трлн теңге көлемінде инвестиция тарту күтілетінін айтты.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.