"418 млн теңге": Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасындағы ең көп жалақы кімге тиесілі?

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Спорт 22 ақпан, 2023

Хоккейден Қазақстан құрамасының кейбір ойыншылары Құрлықтық хоккей лигасындағы ең қымбат жалақы алатын 245 ойыншының тізіміне енді.  

Бұл туралы sport-express.ru сайты жариялады, деп Turkistan Today, жазады inbusiness.kz дереккөзіне сүйене отырып.

Сайттың мәліметі бойынша, ЦСКА-да ойнайтын Даррен Диц жылына 70 миллион рубль табады. Бұл – шамамен 418 миллион теңге.

Ал Джесси Блэкер ("Автомобилист") пен Никита Михайлис ("Барыс") жылына 50 миллион рубль (298,62 миллион теңге) жалақы алады.

Сондай-ақ еліміздегі жоғары жалақы алатын хоккейшілер тізімі төмендегідей:

  1. Кертис Волк ("Автомобилист") – 45 млн рубль (268,76 млн теңге);
  2. Виктор Сведберг ("Авангард") – 40 млн рубль (238,90 млн теңге);
  3. Алексей Маклюков ("Металлург") – 35 млн рубль (209,04 млн теңге);
  4. Роман Старченко ("Спартак") – 25 млн рубль (149,31 млн теңге);
  5. Валерий Орехов ("Адмирал") – 20 млн рубль (119,45 млн теңге).

Айта кетейік, астаналық "Барыс" хоккей клубы биыл ХК Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңіне шыға алмады.

1.4k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.