+77. Қазақстанда телефон кодын өзгерту мәселесі қалай шешіліп жатыр?

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 14 наурыз, 2023

Қазақстанда телефон коды +7-ден +77-ге өзгеруі мүмкін. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, - деп Turkistan Today хабарлайды Tengrinews.kzдереккөзіне сүйене отырып.

Министр АҚШ-қа сапары барысында Халықаралық электрбайланыс одағының (ITU) басшысымен кездесіп, Қазақстанның телефон кодын өзгерту мәселесін талқылағанын атап өтті.

"Қазіргі код +7. Мен АҚШ-та болғанымда ITU басшысы Дорин Богдан-Мартинамен кездестім. Онымен бұл мәселені талқыладық. +997-ге өту қиын емес. Бұл нөмірді бізге резервке қойды. Бірақ ITU-ге бізге +7 емес +77 қалдыруды ұсындым. Алайда ITU бір күнде шешім қабылдай алмайды, өйткені ол халықаралық ұйым және мұндай өтініштер бойынша кездесулер мен талқылаулар өткізуі керек. Бізге өзгерту туралы ұсынысты талқылауға уәде берді. Қазақстанда басқа елдермен бірге қолданылатын +7 емес, өзінің +77 коды болады деп үміттенеміз", - деді Бағдат Мусин үкімет отырысы кулуарында.

1.2k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.