2025 жылдың 3 мамыры күні Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында Петр Чайковскийдің мерейтойына арналған Гала-концерт өтті. Театр сахнасында композитор туындыларын операның жетекші солистері, симфониялық оркестр мен хор сүйемелімен шырқады,- деп хабарлайды turkistan.today
Осы кеште көрермен «Пиковая дама», «Евгений Онегин», «Иоланта», «Чародейка» операларынан ариялар, көріністер мен дуэттер, «Москва» кантатасындағы жауынгердің ариозосын және балет классикасынан үзінділер тыңдады. Кешті Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұржан Байбосынов дирижерлік етті. Концертке Қазақстанның халық әртісі Жәмилә Баспақова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гүлзат Даурбаева, Дина Хамзина, Олег Татамиров, театрдың жетекші опера солистері, симфониялық оркестр мен хор қатысты.
2025 жылы көрнекті композитор, педагог, дирижер Петр Чайковскийдің туғанына 185 жыл толады. Ол көзі тірісінде-ақ әлемдегі ең танымал әрі көршіліктің ықыласына бөленген композиторға айналды. Әлемдік музыка тарихында Чайковскийдің есімі он опера, үш балет, жеті симфония, камералық және шіркеу музыкасы, романс, концерттер мен сюиттердің авторы ретінде мәңгілікке қалады.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.