10-11 сыныптың жас өнертапқыштары жылыжайды автоматтандыруды ұсынады, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқушылар ұсынған жоба жылыжайда өсірілетін көкністер мен жеміс-жидектерді суару технолгиясын жеңілдетеді.
Олар заманауи технолгияны пайдалана отырып, топырақ пен ауа ылғалдылығын, жылыжайдағы ауа температурасын бақылауды және топырақты қажеттілігіне қарай суаруды автоматтандырудың жолын тапты.
Arduino сандық бағдарламасымен жасалған «ақылды жылыжай» веб-интерфейсы арқылы басқарылады.
Жас өнертапқыштар командасының айтуынша, бұл шаруаларға су мен электр энергиясын үнемдеп қана қоймай, жылдың кез-келген мезгілінде, ауаның қолайсыздығына қарамастан, жақсы өнім алуға мүмкіндік береді.
Оқушылардың мұндай технологиялық тәсілді ойлап табуына өңірдегі жаз мезгілінің қысқалығы мен ауа температурасының салқындығы себеп болған.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.