Абай университеті жоғары білім мен мәдениет саласында Түркиямен байланысты арттырады

Фото: Абай атындағы ҚазҰПУ-дің баспасөз қызметі
Фото: Абай атындағы ҚазҰПУ-дің баспасөз қызметі
Жаңалықтар 27 қаңтар, 2025

Алматы қаласындағы Түркия Республикасының Қазақстандағы Бас консулдығында маңызды кездесу өтті. Бас консул Еврен Мюдеррисоғлу, білім атташесі Коркмаз Айхан және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады,- деп хабарлайды turkistan.today

Кездесу барысында ректор Болат Тілеп Абай университетінің тағлымды тарихы  мен осы уақытқа дейінгі жеткен жетістіктерін атап өтті.

«Университет қазіргі таңда әлемнің 25 елімен әріптестік байланыс орнатқан. Оның ішінде Түркия мемлекетімен ынтымақтастық барысы ерекше орын алады. Қазіргі уақытта Түркияның 18 университетімен тығыз байланыста,  соңғы үш жылда 200-ден астам студент академиялық бағдарламаларға қатысқан» - деді Болат Тілеп.

Басқосуда Болат Тілеп бас консул Еврен Мюдеррисоғлуна Түркияның жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық аясын одан әрі кеңейтуге ниетті екендігін жеткізді. Сондай-ақ Түркия елімен мәдени және ғылыми ынтымақтасты ту еткен арнайы кітапхана ашу жоспарымен де бөлісті. Екі жақты кездесуде тараптар Аланиядағы Кейкубат университеті, Денизли және Кыркшехир университеттерімен байланыс орнатылып, аталған оқу орындарында Абай орталықтарын ашу бойынша келісім жасалғандығын атап өтті. Мақсат – жоғары оқу орындары арасында екі елдің тарихи байланысын нығайту.

Түркия тарапы білім және мәдени қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеруге әрдайым дайын екендігін айтты. Тіпті Түркияның жетекші жоғары оқу орындарымен жаңа байланыстар орнатуға қолдау көрсететіндігін жеткізді.

Дөңгелек үстел басында түрік тілі курстарын дамыту және оқу бағдарламаларын кеңейту мәселелері талқыланды. Түркия тарапы университетке түрік тілін үйрету үшін қосымша мамандар жіберуге атсалысатындарын мәлімдеді.

Кездесу соңында тараптар Түрік әлемі конференциясын ұйымдастыру, түрік тілі мен мәдениетін насихаттау бағытында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға келісті.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.