Adebiportal.kz жаңа аудиокітаптармен толықты

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
Жаңалықтар 22 қаңтар, 2025

Кітап шығару саласындағы соңғы тенденциялар мен оқырман сұранысын ескере отырып, adebiportal.kz отандық әдеби порталы авторлардың аудиокітап форматындағы жаңа шығармаларымен толығуда,- деп хабарлайды turkistan.today

Порталдың жаңалығы – Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әке туралы ой-толғау» аудиокітабы. Кітап қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаевтың өмір жолына арналған.

Автор әкесінің өмірі мен шығармашылығы туралы жеке естеліктерімен бөлісіп, Кемел Тоқаевтың қиындыққа толы балалық шағы, оның майдандағы жастық кезі мен соғыстан кейінгі шығармашылық жолы туралы әңгімелейді. Автор анасы – Тұрар Шабарбаеваға арнайы бөлім арнаған. Анасы жазушының өмірлік адал серігі, отбасының ұйытқысы болғанын айтады. Өзінің ата-анасына және жақындарына деген сүйіспеншілік сезімін терең жеткізеді.

Президенттің отбасы құндылықтары, борыш пен жауапкершілік, аға ұрпақтың мұрасы туралы ой-толғаулары кітапта айқын көрініс тапқан. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл туындыда баяндаған шынайы толғаныстары жас ұрпақ тәрбиесі үшін мәні терең, маңызы зор.

Кемел Тоқаев ХХ ғасырдағы отандық әдебиетте жарқын із қалдырды. Шығармалары қаламдастары, сыншылар мен оқырман тарапынан жоғары бағаланып, Қазақстан мен Кеңес Одағында бестселлерге айналды.

Президенттің аудиокітабы Kitap.kz, Topiq.kz, Kazneb.kz қосымшаларында да қолжетімді болады.

Жақын уақытта Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында adebiportal.kz порталында қазақстандық майдангер-жазушылардың аудиокітаптары орналастырылады: Бауыржан Момышұлы «Артымызда Москва, Тахауи Ахтанов «Қаһарлы күндер», Әбдіжәміл Нұрпейісов «Күткен күн», Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз», Кемел Тоқаев «Солдат алысқа кетті», Қасым Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз» және т.б.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.