АЭС салуға неліктен Балқаш таңдалған?

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Сараптама 3 қазан, 2024

Батыста АЭС салса, халықты таза ауыз сумен қамтуға да болады

Энергетика минстрлігі Балқаш АЭС салуға ыңғайлы жер ретінде сонау КСРО кезінде таңдалып қойылғанын айтыпты. Бұл туралы журналист Ақнұр Асқар жазды,- деп хабарлайды turkistan.today

Оның айтуынша, Балқаш төңірегінде тау-кен өнеркәсібі дамыған, оған қыруар энергия қажет. Бірақ бұл өңірде энергия генерацияланбайды. Ал тұтыну көлемі өте жоғары. АЭС оңтүстік пен солтүстіктің арасын байланыстыратын үлкен қуат желісінің қақ ортасында болады бұйырса. 

«Кеңес кезінде де, тәуелсіздік жылдарында да Балқаш маңынан көмір станциясын салу жоспарланған екен. Егер он жыл бұын  салып тастасақ, өңірдің экологиясын бүлдірудің көкесі сонда болар ма еді. Қазақстанға 1 емес, 3 бірдей АЭС керек деген де пікірлер бар. Оларға сенсек, Балқашта, сосын Курчатов пен Ақтауда салған ыңғайлы көрінеді. Батыста АЭС салса, теңіздің суын тұшытып, халықты таза ауыз сумен қамтуға да болады», – дейді журналист.

Бұрын жүздеген жылда болатын жаңалықтар ондаған жылда болып жатыр ғой. Амандық болса, көре жатармыз.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.