АЭС салудың 4 артықшылығы

Фото: turkistan.today
Фото: turkistan.today
Сараптама 19 қыркүйек, 2024

АЭС - сенімді энергия көзі

Бүгінгі таңда Үкіметтің Қазақстанда атом электр станциясын салу туралы ұсынған бастамасы маңызды оқиға болды. Бұл таңдау елдің болашағы үшін үлкен маңызға ие және оның ұзақ мерзімді экономикалық, саяси және әлеуметтік дамуын анықтайды,- деп хабарлайды turkistan.today

Ғалымдар да біздің еліміз үшін ядролық отынға негізделген жаңа энергия көздерінің қажеттілігін мойындайды. Олар АЭС салу арқылы бірқатар мәселенің шешімін табуға мүмкіндік береді дейді. Олай болса, бірқатарын тізбектеп көзсек.

Біріншіден, АЭС - сенімді энергия көзі. Атом электр станциясы бизнесті табысты дамыту үшін қажетті тұрақты және болжамды энергиямен қамтамасыз етеді. Бұл әсіресе тау-кен, машина жасау және өңдеу өнеркәсібі сияқты энергияны көп қажет ететін салалар үшін өте маңызды.

Екіншіден, жаңа станцияның ашылуы жаңа технологияларды дамытуға жол ашпақ. АЭС салу және пайдалану аралас салалардың дамуын ынталандыра отырып, заманауи технологияларды, инновацияларды және IT-шешімдерді енгізуге әкеп соғады.
Үшіншісі, көптеген жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізбек. АЭС шағын және орта бизнесті дамытуды, сондай-ақ экономиканың әртүрлі секторларында жаңа технологияларды енгізуді ынталандыратын көптеген жоғары білікті жұмыс орындарын құрады.

Төртіншісі және ең маңыздысы - прогрессивті болашаққа жасалар үлкен қадам. Атом энергетикасын дамыту - бұл тұрақты энергиямен қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар экономикамызды әртараптандыру үшін жағдай жасау. АЭС арқасында біз шикізат ресурстарына тәуелділікті азайтып, таза энергия саласында көшбасшы бола аламыз және еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ете аламыз.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.