АЭС- заман талабы

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Сараптама 1 қазан, 2024

Еліміз уран өндірісі бойынша әлемде көшбасшы мемлекет саналады

АЭС – салу заман талабы. Салынатын Атом электр станциясы қоршаған ортаға зиян келтірмеуін қадағалау маңызды. Ол үшін бұл салаға өз ісін жетік білетін мамандар қажет. 
Мамандарды дайындау кезінде тәжірибесі мол, бұрыннан АЭС-тың игілігін көрген алып мемлекеттермен кеңескен жөн,- деп хабарлайды turkistan.today

Оңтүстік Корея, АҚШ, Франция сынды елдерге мамандарымызды тәжірибе алмасу үшін жіберіп, олардың біліктілігін арттыруды басты мақсат етуіміз керек. Оқып келгендер де өздеріне артылған үлкен міндетті түсінуі тиіс. Өйткені олар елдің ертеңі үшін аса маңызды рөл атқармақ.

Еліміз уран өндірісі бойынша әлемде көшбасшы мемлекет саналады, ал уран қоры бойынша екінші орында тұр. Республика аумағында атом саласында 18 мыңнан астам адам еңбек етеді. Бізде Ұлттық ядролық орталық, Ядролық физика институты белсенді әрі жемісті жұмыс істеуде. Отандық және шетел ғалымдарымен, оның ішінде МАГАТЭ-мен халықаралық ынтымақтастық жолға қойылған. 

Бақытжан Бейсембаев    
Түркістан облыстық Қоғамдық    
кеңесінің мүшесі, Түркістан облыстық медиация кеңесінің төрағасы

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.