Алматы облысында медбикені пышақтап кеткен күдікті ұсталды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 8 тамыз, 2023

Алматы облысы Қарасай ауданында медбикенің өліміне себеп болған күдікті ұсталды. Бұл туралы Turkistan Today Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.

7 тамыз күні сағат 17.00 шамасында Қарасай ауданының ауруханасына кеуде қуысының жарақатымен 45 жастағы әйел түскен, кейін ол алған жарақаты салдарынан қаза болған.

Аталған дерек ҚР қылмыстық кодексінің 99-бабы («Кісі өлтіру») бойынша аудандық полицияда тіркелді. Арнайы іс-шара барысында тәртіп сақшылары 42 жастағы Қошмамбет ауылының тұрғынын анықтап, оны бір сағаттың ішінде ұстады. Қазіргі уақытта аталған деректі тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.

Қылмыс марқұм әйелдің жұмыс орнында жасалған. Ұсталған адамның айтуынша, оқиға әйелдің кәсіби қызметіне байланысты емес, жеке қарым-қатынас салдарынан болған.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы бойынша өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

778

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.