Ана сүті бала өмірінің алғашқы 2 жылындағы негізгі тағам болып табылады
Ананың дұрыс тамақтануы сүт құрамындағы белоктар, майлар, көмірсулар, дәрумендер мен минералдар, әсіресе бала өмірінің алғашқы 6 айында жеткілікті тамақтануды қамтамасыз етеді,- деп хабарлайды turkistan.today
Бұл баланың өзі осы тағамды сіңіре алмайтындығынан болады. Сонымен қатар, ана сүті нәрестінің жаңа өмір жағдайларына тез бейімделуіне әсер етеді. Жаңа туған нәрестені туғаннан кейін бірден анасының кеудесіне салу ана сүтімен тамақтануға ықпал етеді және баланың өсуі мен дамуына, ана мен бала арасындағы психоэмоционалды байланыстың қалыптасуына оңтайлы ықпал етеді.
Баланың алғашқы иммунизациясы ана сүтінен басталады, өйткені оның құрамында белсенді анти денелер және басқа да пайдалы заттар бар. Ана сүтімен тамақтандырылған балалар жасанды тамақтандырылған балаларға қарағанда сирек ауырады.
Ана сүтінің құрамы иммундық, жасушалық және ферментті факторлардың әсерінен бактериялар мен вирустарға қарсы қорғаныс кешенін құрайды. Мысалы, тек ана сүті мен тамақтанатын нәрестелер жасанды тамақтанатын балаларға қарағанда диареямен 3-4 есе, пневмониямен 17 есе, созылмалы бронхитпен 2 есе, рахит пен анемиямен бірнеше есе аз ауырады. Болашақта ана сүтімен тамақтанған балаларда семіздік, қант диабеті, асқазан-ішек аурулары, қатерлі ісік аурулары, құлақ, тіс, қызыл иектің қабынуы және суық тию қаупі азаяды. Ұзақ емізетін балаларда психомоторлы, әлеуметтік және эмоционалдық дамуы әлдеқайда жақсы. Қорытындылай келе, болашақ аналар нәресте үшін ана сүті бала денсаулығының және ананың денсаулығының кепілі екенін есте ұстауы керек.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.