Қорғаныс министрлігі армияның барлық аспектісін дамыту және әскерлерді техникалық жарақтандыру шараларын кешенді түрде іске асырып келеді. Авиациялық парк те жылда жаңа техникамен толығады, деп хабарлайды Turkistan Today.
Астана қаласының авиабазасына испандық Airbus Defence and Space компаниясы шығарған жүк көтергіші орташа С-295МW әскери-көлік ұшағы келіп жетті.
Әуе кемесі 69 әскери қызметші және 8800 келіге дейін жүк тасымалдауға арналған. Ол өз санатындағы ең сенімді әрі үнемділердің бірі болып келетін Pratt & Whitney PW127G шығарған екі турбовинтті қозғалтқышпен жабдықталған. С-295МW ұшағы ең қолайсыз ауа-райы жағдайында да тапсырмаларды орындауға мүмкіндік беретін заманауи ұшуды басқарушы жүйесімен және пилоттық-навигациялық жабдықтармен жасақталған.
Қысқа және орта іс-қимыл радиусындағы ұшақтың артқы жағында пандусы бар жүк кабинасымен жабдықталған. Әуе кемесі жеке құрамды тасымалдауға, десанттауға және жүктерді лақтыруға, әуеде бақылау жүргізуге және медициналық эвакуациялауға арналған.
– Әскери авиацияның мүмкіндіктерін арттыру шеңберінде 19132 әскери бөліміне С-295МW жаңа әскери-көліктік ұшақ келіп түсті. Техникалық сипаттамалары бойынша бұл өз санатындағы ұшақтардан отын шығыны жағынан ең тиімді, сенімді және үнемді ұшақтардың бірі, – деп түсіндірді Әуе қорғанысы күштері қару-жарақ бас басқармасының штаб бастығы полковник Дмитрий Федорченко.
Ұшақтың осы үлгісін пайдалану мақсатында ұшқыштар мен инженерлік-техникалық құрам Испанияның Севилья қаласындағы Airbus Defence and Space оқу-жаттығу орталығында оқытылды.
Мемлекеттік-қорғаныс тапсырысы шеңберінде жасалған шартқа сәйкес ұшақты қабылдау он күн ішінде жүргізілмек. Содан кейін ол мемлекеттік әуе кемелерінің тізіліміне енгізіліп, пайдалануға берілетін болады.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.