Астана ардагерлерге арналған госпитальде жыл сайын 2,5 мыңға жуық ем алады

Жаңалықтар 6 мамыр, 2025

Астана қаласындағы Ардагерлерге арналған Орталық клиникалық госпитальде жыл сайын 2,5 мыңға жуық адам медициналық көмек алады. Олардың қатарында Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер, интернационалист-жауынгерлер, Чернобыль апатына қатысқандар, саяси қуғын-сүргін құрбандары, Семей полигонынан зардап шеккендер және оларға теңестірілген өзге де азаматтар бар,- деп хабарлайды turkistan.today

Госпиталь пациенттерінің орташа жасы шамамен 70 жасты құрайды.

Стационарда рентгенография, ФГДС, барлық түрдегі УДЗ, ЭКГ, СМАД және басқа да зерттеп-қарауларды қамтитын толық консультациялық-диагностикалық көмектің толық спектрі көрсетіледі.

Мекемеде асептикалық блоктары бар госпиталдық фармация бөлімі, өз зертханасы және диетолог дәрігердің бақылауымен емдік тағам әзірленетін асхана жұмыс істейді.

Жеңіс күні қарсаңында госпиталге Парламент Сенатының депутаттары келді. Іс-шараға Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов пен госпиталдің директоры Динара Уразалина қатысты.

Депутаттар медициналық көмектің жағдайымен танысып, бөлімшелерді аралап, пациенттермен және медицина қызметкерлерімен әңгімелесті.

Назар аударылған басты мәселелер — заңнамалық нормалардың жүзеге асырылуы, ресурстық қамтамасыз ету және ардагерлер мен оларға теңестірілген азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік қолдау деңгейі.

Сенаторлар әскери-медициналық жүйені одан әрі нығайтудың, нормативтік базаны жетілдіру мен ведомствоаралық өзара іс-қимылды дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.