Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде қазақстандық майдангерлер туралы мәліметтерді қамтитын «Батырларға тағзым» порталының таныстырылымы және құжаттық көрме өтті,- деп хабарлайды turkistan.today
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі іске қосқан «Батырларға тағзым» (https://batyrlarga-tagzym.kz) сайтында қазірдің өзінде 678 331 ардагер, оның ішінде 365 Кеңес одағының батыры, 4 екі мәрте Кеңес одағының батыры және 19 «Даңқ» орденінің кавалері және басқа да ержүрек жауынгерлер туралы кең көлемді мәліметтер базасы мен галереясы бар.
Порталға күн сайын 100-ден аса өтінім келіп түсуде. Соңғы 2 күндегі есеп бойынша, веб-порталға ардагерлердің тізімін енгізу бойынша Астана, Алматы қалалары, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Атырау облыстарынан өтінімдер белсенді түскен.
Интерфейс қажетті ақпаратты табуға ғана емес, сонымен қатар өз ардагер туыстары туралы деректерді қосуға, жаңалықтармен танысуға мүмкіндік береді. Айта кетерлігі, порталға жіберілген мәліметтер архив мамандарының арнайы бақылауынан соң қолданысқа енеді.
Бірегей жобаға бірнеше елден де қызығушылық артып, ұсыныстар түсуде. Атап айтсақ, Ресей, Әзербайжан, Белорусь, Молдова, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Украинадан 80-ге жуық өтінім келді.
Іс-шара аясында «Батырларға тағзым» сайтындағы ардагерлердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің қорынан алынған Ұлы Отан соғысының ардагерлері Кәри Абитов, Тәңірберген Қалиханов, Хамит Ерғалиев, Мәлік Ғабдуллин, Ермекқали Серікбаевтың жеке құжаттары мен майданнан жазған хаттары, жалпы 150-ге жуық құнды дерек жұртшылық назарына ұсынылды.
Іс-шараға ҰОС ардагерлерінің ұрпақтары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, студенттер мен оқушылар қатысты.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.