Атақты боксшы Шүменов кішкентай баласын көтеріп алған ер адамды соққыға жыққан

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 12 шілде, 2023

Астанадағы сауда және ойын-сауық орталығының бірінде қолында кішкентай баласы бар ер адамды өзге ер адам ұрып-соқты, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Фуд-кортта болған төбелестің бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Видео авторының айтуынша, оқиғи 18 маусымда болған.

Жәбірленуші тарап қылмыстық құқық бұзушылық істі тергеуді тоқтатқан полиция қызметкерлеріне наразы. Бұл мәселеге қатысты қалалық полиция департаментінен пікір білдірді.

Бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, осы оқиғаның мән-жайы анықталуда. Сонымен қатар, полиция қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеру тағайындалды, оның нәтижелері бойынша құқықтық бағалау берілетін болады. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - делінген полиция департаментінің мәліметінде.

Желіде ол адамның боксшы Бейбіт Шүменов екені айтылуда. 

971

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.