Қатерлі ісіктің даму қаупін азайтудың жолдары қандай?

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Медицина 16 қазан, 2024

Қатерлі ісіктің алдын алудың негізгі әдісі – аурудың дамуына ықпал ететін қауіп факторларын азайту

Онкологиялық аурулар жеке адамдар үшін де, денсаулық сақтау жүйесі үшін де күрделі мәселе болып табылады. Әлемде де, Қазақстанда да қатерлі ісік ауруларының саны тұрақты өсіп келеді,- деп хабарлайды turkistan.today

Соңғы кезде онкологиялық аурулардың түрлерін емдеуге мүмкіндік беретін заманауи технологиялар пайда болды, алайда онкологиялық  аурулардың алдын алу осы патологиялармен күресудің негізгі жолы.

Қатерлі ісіктің алдын алудың негізгі әдісі – аурудың дамуына ықпал ететін қауіп факторларын азайту.Негізгі қауіп факторларының бірі - темекі шегу. Бұл фактор қатерлі ісіктердің көпшілігінің себептерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар кәдімгі және электронды темекі шегу қатерлі ісіктің дамуына бірдей әсер ететінін ескеру қажет.

Алкогольді тұтыну да қатерлі ісік ауруының себебі болып табылады. Бұл негізінен асқазан-ішек жолдарының, бауырдың, ұйқы безінің онкологиялық аурулары, сондай-ақ тері және репродуктивті органдарының қатерлі ісігі.
Бұл аурудың дамуы тамақтану рационына да байланысты болуы мүмкін. Тым ыстық және ащы тағамды жеу өңеш пен асқазан қатерлі ісігінің себептерінің бірі болуы мүмкін.

Тұқым қуалаушылық негізгі себептердің бірі болып табылады. Егер туыстарда қатерлі ісіктің қайсы бір түрі тіркелсе, бұл алаңдаушылық тудыруы керек және үнемі профилактикалық тексерулерді қажет етеді. Бұл өте маңызды!
Аурудың осы түрінің пайда болуында жас маңызды фактор болып табылады. Адам жасы неғұрлым үлкен болса, оның қатерлі ісікке шалдығу мүмкіндігі соғұрлым ұлғаяды. Алайда, соңғы кездері онкологиялық аурулардың кейбір түрлері жастарда да пайда бола бастады.
Әйелдердегі сүт безі және жатыр мойны обыры үшін ерте жыныстық қатынас, кеш босану, осы органдардың жарақаттары, артық салмақ және т.б. факторлар жатады.

Бұл қатерлі ісік дамуының себепшісі болатын барлық қауіп факторлары емес. Бұл туралы толығырақ білу үшін тіркелген емханадағы дәрігермен кеңесу керек.Қатерлі ісіктің алдын алу үшін салауатты өмір салтын ұстану, қауіп факторларының алдын алу, міндетті түрде медициналық ұйымдарда жыл сайын профилактикалық тексеруден өту қажет!

Деніңіз сау болсын!

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.