Бұл үшін Қазақстанда барлық алғышарттар бар
Қазақстан үшін төмен көміртекті энергия көздеріне көшу барынша өзекті болып табылады. Өйткені ел парниктік газдар шығарындыларының ең көп көлемі бойынша әлемде екінші орынды алады. Себебі елімізде электр энергиясының 77%-дан астамы көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станцияларында (ЖЭС) өндіріледі,- деп хабарлайды turkistan.today
Парниктік газдар шығарындыларының мұндай көлемін тек төмен көміртекті энергия көздерін пайдалану арқылы ғана азайтуға болады. Біздің жағдайда бұл атом электр станциясын (АЭС) іске қосу. Бұл үшін Қазақстанда барлық алғышарттар бар. Біріншіден, ел табиғи уранның барланған қоры бойынша әлемде екінші орында және жыл сайын әлемдік атом энергетикасының қажеттілігінің 40%-ға жуығын жаба отырып, уран өндіру саласында көшбасшы орында. Әлемдегі кемінде әрбір үшінші ядролық реактор қазақстандық уранмен жұмыс істейді деген ұқсастық келтіруге болады.
Барлық факторларды ескере отырып, атом энергетикасы климаттың өзгеруімен күресу және көміртегі шығарындыларын азайту үшін маңызды құрал болып табылады. Елімізде жаңа атом электр станцияларын салу CO ₂ шығарындыларын қысқартып қана қоймай, энергетикалық қауіпсіздікті, экономикалық өсуді және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуды қамтамасыз етеді.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.