Ауыл онлайн отыр: Қазақстандағы ауыл тұрғындарының 94%-ы интернетке қосылған

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 17 наурыз, 2023

Салыстыру үшін: әлемдік орташа көрсеткіш небәрі 46%, деп хабарлайды Turkistan Today.

Қазіргі таңда халықты интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз ету — кез келген мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Цифрлық шешімдер өмірдің барлық аспектілеріне әбден енді. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану су, жылу және басқа да коммуналдық игіліктер секілді күнделікті қажеттілікке айналды. Мұндай жағдайларда интернет технологиялық дамудың негізі.

Мемлекеттер халықты интернетпен қамтуды арттыру үшін түрлі шараларды қолға алуда. Қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қиынырақ ауылдық жерлерге ерекше назар аударылады. 2022 жылдың аяғында әлемде қала тұрғындарының интернетпен қамтылуы 78%-дан 82%-ға, ал ауылдықтар арасында — 42%-дан 46%-ға өсті. Дүниежүзілік желіге қолжетімділік бойынша ауыл мен қала тұрғындарының арасындағы алшақтық өте үлкен болып қалып отыр.

Аймақтар бойынша ең аз айырмашылық Еуропада байқалады: қалалық жерлерде 91%, ауылдық жерлерде 83%.

Жалпы макроөңірлер бойынша ауыл тұрғындарын интернетпен қамту ТМД елдерінде 74%, Америкада 68%, араб елдерінде 56%-ды құрады.

Қазақстанда ауыл тұрғындарын интернетпен қамту ерекше бақылауға алынып, республика дамуының басты міндеттерінің бірі саналады. Еске салайық, ҚР-ның ауылдық жерлерінде 7,5 млн-нан астам адам немесе жалпы халықтың 38,2%-ы тұрады.

Қазіргі таңда ҚР-да ауыл тұрғындарын интернетпен қамтитын бірқатар бағдарламалар бар. Ең бастысы — «250+» бағдарламасы. Бағдарламаны 250-ден көп тұрғыны бар ауылдарды интернетпен қамтамасыз ететін «Kcell» АҚ (Kcell және Асtiv сауда белгілері), Tele2/Altel және «Кар-Тел» ЖШС (Beeline сауда белгісі) ұялы байланыс операторлары жүзеге асыруда.

Мысалы, 2020–2022 жылдары Kcell ұялы байланыс операторы міндетті бағдарламалар бойынша 468 базалық станцияны және ауылдық жерлерде желіні дамытудың жеке бағдарламасы бойынша 550-ге жуық базалық станцияны орнатты. Компания кең жолақты мобильді қолжетімділікті (КЖМҚ) қамтуды кеңейту және байланыс сапасын арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

2022 жылы Kcell ауылдық елді мекендерде (АЕМ) 258 базалық станцияны іске қосты:
• лицензиялық міндеттемелер тізбесіне сәйкес ұсынылған 35 АЕМ;
• АЕМ ТОБЖ тізімі бойынша 107 АЕМ LTE-мен қамтылды;
• 45 АЕМ міндеттемелерді артығымен орындап жаңа 3G және 3G/4G-мен қамтылды;
• 59 АЕМ-дегі мобильді кең жолақты қолжетімділікке LTE орнату арқылы жақсартылды;
• 12 АЕМ-дегі мобильді кең жолақты қолжетімділік қосымша 3G базалық станцияларын орнату арқылы жақсартылды;
• 13 АЕМ-де мобильді кең жолақты қолжетімділік спутниктен жерүсті таратуға ауыстырылды.

Барлығы 900 мыңға жуық адамға 3G технологиясын пайдалана отырып, 660 мыңнан астам адамға 3G/4G технологиясын пайдалана отырып интернет берілді. 2023 жылы оператор LTE желісін орнату арқылы тағы 142 АЕМ-ді кең жолақты мобильді интернетпен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Бүгінгі күні осы тізімнен LTE желісі 31 АЕМ-ге қосылды. Сондай-ақ компания 2023-2024 жылдарға арналған өзінің жеке бағдарламасы бойынша ауылдық жерлерде КЖМҚ желісін дамытуды жоспарлап отыр. 2023 жылдың 6 наурызындағы жағдай бойынша, базалық станциялар 7 АЕМ-де іске қосылды және қазір 10-нан астам АЕМ-де жұмыс жүргізілуде.

Бағдарламаларды жүзеге асыру жағдайға оң әсерін тигізуде. Мәселен, Халықаралық электрбайланыс одағының (ITU) дерегінше, Қазақстандағы интернеттің қолжетімілігі мынадай: ауылдық жерде 94%, қалада 95%. Бұл өте жоғары және оң көрсеткіштер, әсіресе қала мен ауыл арасында айтарлықтай алшақтықтың жоқ.

ҚР-дағы жағдай орташа әлемдік деңгейде ғана емес, сонымен қатар ЕАЭО елдерімен, сондай-ақ көптеген дамыған елдермен салыстырғанда әлдеқайда жақсы. Мәселен, Арменияда ауылда интернет қолжетімділігі — 90%, Беларусьте — 79%, Ресейде — 78%. Кейбір дамыған елдерде ауылда интернетпен қамтамасыз етілген пайдаланушылардың үлесі келесідей: Швейцарияда — 95%, Жапонияда — 87%, Италияда — 74%, Канадада — 77%, Бельгияда — 93%, Францияда — 85%.

Сектордың осындай қарқынды және кеңінен дамуы үшін байланыс операторлары бұрын-соңды болмаған көлемде қаражат салуда. 2022 жылдың қорытындысы бойынша, ақпарат және байланыс саласына салынған күрделі салымдар бір жылда 39,1% өсіп, 178,9 млрд теңгеге жетті, бұл тарихтағы рекордтық көрсеткіш. Ұзақ мерзімді динамикада біз инвестиция көлемінің біртіндеп ұлғаюын байқаймыз.

ҚР СЖРА ҰСБ сауалнамасына сәйкес, 2022 жылдың төртінші тоқсанында байланыс секторына инвестицияның негізгі бағыттары:
• ескі жабдықты ауыстыру (15%);
• абоненттер санын арттыру мақсатында өндірістік қуаттарды кеңейту (7%);
• жаңа технологияларды енгізу (7%);
• қолданыстағы қызметтерді ұтымды ету (5%);
• логистиканы ұтымды ету (3%);
• абоненттер саны бірдей жаңа өндіріс орындарын пайдалануға беру (5%).

1.2k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.