Қазақстан мен Вьетнам Әділет министрлері ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды

Жаңалықтар Бүгін, 17:04

Бүгін Ақордада Қазақстанға мемлекеттік сапармен Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы То Лама ресми сапармен келді,- деп хабарлайды turkistan.today

Сапар барысында ҚР Әділет министрлігі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Әділет министрлігі арасында 2025–2027 жылдарға арналған Ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды. Құжатқа ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев пен Вьетнамның Әділет министрі Нгуен Хай Нинь қол қойды.

 Аталған бағдарлама тараптардың өзара ынтымақтастық салаларын келесі салалар бойынша нығайтады және кеңейтеді:

1) азаматтық істер бойынша заң көмегі;

2) аяқталған мәмілелерді тіркеу, сот ісін жүргізу кезінде заң көмегін ұйымдастыру және көрсету;

3) азаматтық істер бойынша сот шешімдерін орындау саласында тәжірибе алмасу;

4) сот сараптамасы саласында тәжірибе алмасу;

 5) құқықтық саладағы басылымдармен және құжаттармен алмасу.

Екіжақты құжатқа қол қою екі ведомствоның заң саласындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын дамытуға ықпал етеді.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.