Алматыда алғаш рет Дүниежүзілік стоматологтар Федерациясының Еуропалық секциясының Пленарлық отырысы өтті. Форумға 48 елден 110 делегат қатысты. Бұл салалық жиын Еуропа мен Орталық Азия елдеріндегі стоматология саласының даму мәселелерін талқылайтын маңызды алаңға айналды,- деп хабарлайды turkistan.today
Қатысушылар ауыз қуысы ауруларын диагностикалау мен емдеуде инновациялық технологияларды қолдану, клиникалық практиканың түрлі аспектілері, күрделі жағдайларда жасалатын хирургиялық араласулар мен профилактика шараларының заманауи тәсілдерін талқылады.
Жиынның ашылуында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова құттықтау сөз сөйледі. Ол стоматологияның қоғамдық денсаулықты қалыптастырудағы маңызды рөлін атап өтті.
«Стоматологиялық мәртебе – ағзаның жалпы жағдайының негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады және соматологиялық сырқаттанушылықты азайтуға бағытталған шаралар жүйесін әзірлеу – ұлт денсаулығын жақсарту бағдарламаларының ажырамас бөлігі болып табылады», – деп атап өтті ведомство басшысы.
Министр барлық стоматолог дәрігерлерді, ең алдымен, профилактикалық шаралар арқылы ауру деңгейін төмендету үшін күш біріктіруге шақырды.
Өткен жылдан бастап республикада мектеп жасындағы балалардың арасында стоматологиялық аурулардың жүйелі профилактикасына бағытталған бағдарлама іске қосылды. Мақсаты – ерте кезеңде ауруларды анықтау және динамикалық бақылау арқылы стоматологиялық аурулардың таралуын 10%-ға азайту, сонымен қатар, балалар үшін стоматологиялық көмектің қолжетімділігін 80%-ға дейін арттыру.
Қазақстанда стоматология – шетелдің алыс-жақын елдерінен медициналық туристерді тартатын ең қарқынды дамып жатқан медициналық салалардың бірі.
Бүгінде Қазақстанға тіс емдеу, пародонт тіндерін қалпына келтіру, денталдық имплантаттау және протездеу үшін АҚШ, Германия, Иран, Ресей және ТМД елдері сияқты 37 елдің азаматтары келуде, бұл – еліміздегі стоматологиялық көмектің жоғары сапасының айқын дәлелі.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.