Қазақстанда биылғы 11 айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 4,4%-ды құрады

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz
Жаңалықтар Бүгін, 16:12

ҚР Премьер-министрінің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2024 жылғы қаңтар-қарашадағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды,- деп хабарлайды turkistan.today

11 айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 4,4% құрады. Экономикалық өсудің негізгі қозғаушы күші шикізаттық емес сектор болды. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров ауыл шаруашылығында – 13,4%,, құрылыста – 10,3%,, сауда-саттықта – 8,2%,, көлік пен қоймалауда – 8,1%., өңдеу өнеркәсібінде – 5,3% өсім балғанын баяндады. Сондай-ақ ақпарат және байланыс, электр энергетикасы салаларындағы оң серпін атап өтілді.

Премьер-министр экономикалық белсенділікті ынталандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар біршама нәтиже бергеніне назар аударды. Ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс пен көлік саласындағы өсім жылдық жоспарлы көрсеткіштерден асып түсті. 

Өңірлердегі жағдай бойынша негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер көшбасшылары Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Түркістан облыстары, сондай-ақ Астана және Шымкент қалалары өсуді қамтамасыз етті. Ең төмен көрсеткіштер Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақмола және Ұлытау облыстарында тіркелді. Аталған өңір әкімдеріне қалыптасқан жағдайды өзгерту үшін тиісті іс-шаралар қабылдау тапсырылды. Сонымен қатар өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын жандандыру үшін тың тәсілдер қажет. Бағдарламалық құжаттардың орындалу барысын жүйелі үйлестіруді қамтамасыз ету маңызды – тиісті тапсырма Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевқа берілді.

Премьер-министр экономиканы одан әрі әртараптандыру, инвестиция тарту және тұрақты жұмыс орындарын құрубағытында белсенді шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

«Бізде инвестициялық дамудың айқын бағыты бар. Бірақ инвестиция тарту – міндеттің жартысы ғана. Маңызды міндет – жобаларды сапалы сүйемелдеу, туындайтын мәселелерді шешу мен олардың табысты іске асырылуын қамтамасыз ету. Сыртқы істер және Ұлттық экономика министрліктеріне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жұмысын күшейтуді тапсырамын. Инвесторлардың проблемаларын бірден реттеп, шешімін табу керек. Сондай-ақ әкімдіктерге қордаланған мәселелерді жүйелі түрде өңірлік Инвестициялық штабтарда қарап отыруды тапсырамын», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Инвестиция мен қосымша құны жоғары өндірістерді тарту үшін дайын инфрақұрылымның қолжетімді болуын қамтамасыз ету маңызды. Әкімдіктер тарапынан қажетті қаржыландыруға жеткілікті көңіл бөлінбейді, осыған байланысты өңірлер бюджетті қалыптастыру кезінде өнеркәсіптік алаңдардың инфрақұрылымын салуға қаражат бөлінуін ескеруі тапсырылды.

Электр энергиясы, жылу және сумен жабдықтау желілерінің тозуын тозуын төмендету бойынша ауқымды жұмыс атқарылуда. Салалық министрліктер мен өңірлер «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын сапалы іске асыруды қамтамасыз етуі қажет. Ұлттық экономика министрлігі мен салалық мемлекеттік органдарға экономикалық және әлеуметтік жағынан тепе-теңдікті сақтай отырып, коммуналдық қызмет тарифтері мен бағаларының негізсіз өсуін бақылауға алу міндеті қойылды. Инфляцияға реттеліп көрсетілетін қызмет тарифтері мен бағаларынан болатын әсердің ең төмен үлес салмағын Экономикалық саясат жөніндегі кеңес белгілеген деңгейде сақтау тапсырылды.

Қараша айында жылдық инфляция 8,4%-ға дейін бәсеңдеді. Бұл – әлеуметтік маңызды мәселе, сондықтан, оны қатаң бақылауда ұстау қажет. Бұл жұмыста тұрақтандыру қорларын, форвардтық шарттарды, субсидиялау сияқты қолда бар тетіктерді белсенді пайдалану тапсырылды. Сонымен қатар импортқа тәуелді өнімдер өндірісін кеңейту қажет.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.